Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
4
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

“Осы айтқандарымды жастарға көрсетесіз ғой?”. Ақтөбедегі терактіге қатысқандар ағынан жарылды (видео)

321

Әлібек Ақпанбетов:

– Аллах куә, бәріне өкінемін. Эмоция болып кетті ме? Суға бірдеме қосқан секілді.

Өйткені теракт кезіндегілердің кейбір жері есімде жоқ, есімді білмеймін.

Білім алу керек, біздікі білімсіздік болды, содан соң біреудің айтқанымен жүрдік. Иә, таза эмоциямен жүрдік. Мынау харам десе харам қылып, мынау халал десе халал қылдық. Аллах кешірсін, ең бастысы. Мешіттегі имамдардан сабақ алыңдар. Біз де жүрдік, ана имамдікі дұрыс емес, мынауысы мынандай деп.

Бақыт Қуанышбаев:

– Ақиға (жиынға) бардым да оған қалай кіріп кеткенімді білмей қалдым. Бір уақытта есімді жиған кезде қашып кеттім ол жерден. Бірақ ол менің жазамды жеңілдетпеді. Әрине, бәріне өкінемін.

Мына арада отырғаннан кейін айтып жатыр дейтін шығарсыңдар. Бірақ олай емес, бұл менің шыным. Айтарым, азғырушыларға ермеңдер, өйткені біздің еліміз тыныш, халқы мүлде бөлек, осыны құрметтеп, бағалау керек. Бізде дінге ешқандай шектеу жоқ, жеті сайын мұсылмандардың саны көбейіп жатыр, керісінше үлгі болуға тырысыңдар, жамандықтан қашыңдар.

Қастарыңдағы бауырларыңды қараңдар, кімдермен жүрсіңдер, оны да тексеріп қой. Мен өз еркіммен берілдім ғой, бұл жастарға үлгі болсын дедім, ойлансың дедім.

Осы айтып жатқандарымды жастарға көрсетесіздер ғой, ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін ойлансың олар.

Қазір жеті сайын анам келеді. Шындығында, қысылтаяң уақыт таяғанда сендерді іздейтін аналарың. Сондықтан туғандарыңды бағалаңдар.

Видеода Ақтөбедегі 5-мауысмдағы терактіге қатысушылар қандай адамдардың уағызын тыңдап, қандай кітаптар оқығандарын да айтады.

Олар: Саид Бурятский, Дарын Мубаров, Сауд шейхтары, Әбу Омар Саситлинский; кітаптар –
“Үш негіз”, “Толькования Әли шейха”…

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз