Астанада 43 жастағы әйел екі қызымен бірге суға кетіп, көз жұмды. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша, олар адам жүруге тыйым салған жерде кілем жуыпты.
«Қайғылы оқиға 14-шілде күні 15:28-де болған. 1975 жылы туған әйел мен 2006 және 2007 жылы туған қос қызы өзен жағасында кілем жуып жатқанда суға ағып кеткен. Қаза тапқандардың денесін ТЖ комитеті орталық аймақтық аэромобильді жедел-құтқару бөлімшесінің құтқарушылары алып шыққан. Мұнда күтпеген оқиға орын алып отыр, әйтсе де бұл жерде адамдардың жүруіне тыйым салынған», – делінген таратылған ақпаратта.
Айта кетейік, 2018 жылдың бір ғана маусым айында 4 бала суға кетті.