Алматы облысында полиция қызметкерінің өлімімен аяқталған төбелесте қару кезенген Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық саябағының қызметкері боп шықты. Қорықшы мылтығымен бір адамды атып, екеуін жаралаған. Қазір өзі қамауда отыр.
Ал осы төбелесте полицейді пышақтап өлтірген тағы бір күдікті əлі ұсталған жоқ. Полиция майорының арқасынанан пышақтады делінген 30 жастағы Әмір Әбубәкіров Шымкентте бой тасалауы мүмкін. Бұл туралы КТК хабарлады.
https://kaz.365info.kz/kormeuleri-mymkin-emes-esikte-koz-zhymgan-politsejdin-ajeli-shulatyp-zhatyr-314937
Туыстары да әрине оның қайда жүргенінен білмейді. Отан қорғаушылар күні болған қанды оқиғадан кейін жігіт оларға да хабарласпаған.
“Қызбалықпен кіріп кетіп отыр ғой. Олар өздері білмейді ғой. Олармен байланысқан болса, әңгіме басқаша болар еді. Оқиға Отан қорғаушылар күні болған. Мерекені атап өтуге алты жігіт жиналған. Алайда, ішімдік қойылған көңілді отырыстың соңы қырғын төбелеске ұласады. Артынша тағы үш жігіт қосылып, атыс шығарған болатын. Ақыр соңында бір жігіт оққа ұшып, енді бірі-пышақтан өлді. Ал төбелеске қару алып келген табиғатты қорғап жүрген қорықшы болып шықты”, – дейді күдіктінің туысы.
“Сол күні біз жұмыстан Асы жайлауынан түсіп келгенбіз. Ол кешке қарай қараңғы түскенде кеткен үйіне. Бізде ешкімде қару жоқ. Бірақ енді Олжас туралы айтатын болсам, ол жаман бала емес. Жақсы отбасы. Қалай мына іске барғанын мен білмеймін.
Жалпы, төбелес шығарғандардың қай-қайсы болса да 2-3-еуден бала-шағасы бар қызметтегі жігіттер”, дейді Иманәлі Сәрсенбаев, Іле Алатауы ұлттық табиғи паркі Түрген филиалының директоры.
Іле-Алатауы мемлеттік ұлттық паркінің басшылары мылтықтан оқ жаудырған қызметкерінің ертесіне-ақ полицияға өзі берілгенін айтады. Алайда, ішкі істер департаментінің мәліметі басқа. Оқиғаны бір апта бойы жасырып келген тәртіп сақшылары оны өзіміз ұстадық деп отыр.
“Бірге араласып жүрген бала ғой! Тыныш бала еді”, – дейді зардап шегушінің көршісі.
https://kaz.365info.kz/almaty-oblysynda-atys-bop-politsiya-koz-zhymdy-314816
Адам өлімімен аяқталған оқиғаның түсініксіз тұстары əлі де көп. Төбелеске жалпы қатысы бар 9 адам.
Екі адамның біреуін атып өлтірсе, енді біреуі, яғни полиция қызметкерін пышақтап өлтірген. Тағы біреуі аяғына оқ тиіп, ауруханада жатыр.
Екі күдіктінің бірі – іздеуде, енді бірі – қамақта. Ал қалған төрт адам туралы ешқандай мəлімет жоқ. Олар не күдікті, не оқиға куəгері боп іске тартылмаған.
Жігіттер суға сіңгендей ұшты-күйлі жоқ. Атышулы қылмыс бойынша тергеу жалғасып жатыр.