Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
0
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Ертіс өзеніндегі балықтардың өлу себебі түсіндірілді

133

Павлодар облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Ирина Сорокинаның айтуынша, Май, Лебьяжі аудандары мен Ақсу қаласына қарасты Ертіс өзенінен сынама алынды.

– Павлодар облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті судың сынамасын алып тексерді. Алдын – ала ақпарат бойынша, суда жайылған оттектің мөлшері үш есе азайған. Соның салдарынан органикалық кірлеу орын алған. Судағы фтор, темір, қорғасын мөлшері нормаға сай. Су адамдардың өміріне қауіп келтірмейді. Ал, судың түсі неліктен өзгеріп кеткені жөнінде айта алмаймын. Балық сынамасының қорытындысы ертең дайын болады, – деді Ирина Сорокина.

Ал, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аймақтық инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Серік Апсаликовтың айтуынша, ауа-райының күрт ысуы балықтардың зардап шегуіне әкеліп соққан.

– Судың көрсеткіші тұрақты. Яғни бұл нұсқау шегеріледі. Судағы оттегінің азаюы және ауа-райының күрт ысуы балықтардың зардап шегуіне себеп болуы мүмкін. Алдағы уақытта барлығы анықталады, – деді Серік Апсаликов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз