Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-8
USD
437
+0.53
EUR
493
-0.58
RUB
5.92
+0.03

Ертең Қызылордада 6 600 азаматқа тегін жер телімі беріледі

Әкімнің сөзіне қарағанда, 2004 жылдан бері Қызылордада жеке тұрғын-үй құрылысы үшін жер телімдері берілген жоқ. Қазіргі кезде кезекте 49 мың 212 адам тұр. 2013 жылы осы мәселе зерделеніп, Қызылорда-Жезқазған автожолының бойында жеке үй құрылысына арналған 980 гектар жер белгіленді.

Сол жылы геологиясы тексеріліп, келесі жылы 234 миллионға жобалық-сметалық құжаттар әзірленді. 2015 жылы облыс басшылығы Үкіметте, ұлттық экономика және қаржы министрліктерінде бюджеттік өтінімдерімді қорғап шықты. Осының арқасында биылғы жылға 9,9 млрд теңге бөлу туралы шешім шығарылды.

– Жақында конкурс өтті. Осының аясында жаңағы 980 гектар жерге 75 шақырым жол, 353 шақырым ауыз су желісі, 102 шақырым газ құбыры, 150 электр желісі және бір дана трансформатор 1-желтоқсанға дейін салынып бітеді.

Құдай қаласа, келесі дүйсенбі, шілденің 4-і күні Қызылорда қаласының 6600 азаматына жер телімдерін табысталады. Жаңа мөлтек ауданында. 36 мың халық тұратын жаңа мөлтек ауданы пайда болады. Бұл өте жақсы жетістік деп ойлаймын, – деп атап көрсетті Қырымбек Көшербаев.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз