Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Ерлан Сағадиев сырттай оқудың неліктен жойылатынын түсіндірді

Қазір сырттай оқу күндізгі оқуға қарағанда біршама арзан. Сырттай оқу жойылған соң, төлемақы қанша болады?» – деп жазды Асылжан Баймағамбетов.

Ерлан Сағадиев елде сырттай оқу 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап тоқтатылатынын айтты. Ал сырттай оқып жүрген студенттер оқуын бітіргенше жалғастыра бермек. Ол жаңа заңнама бойынша жоғары білім бағдарламаларын меңгеру мерзімі алынып тасталғанын жеткізді.

«Соған сәйкес, жоғары оқу орындары оқыту нәтижелерін ескере отырып, бакалавриат бағдарламасын жылдамдатылған режимде аяқтауды көздейтін интеграцияланған білім бағдарламаларын әзірлейді», – дейді министр.

ҚР БҒМ басшысының айтуынша, жоғары оқу орындарында ақылы оқудың бағасын реттейтін норма да алып тасталған.

«Бұл азаматтардың жоғары білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған. Осыған байланысты, білім бағдарламалары бойынша оқу төлемақысының көлемі мен білім қызметтерін көрсету шартының формасын енді жоғары оқу орындары өздері дербес бекітеді», – деді ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз