Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
10
USD
422
+0.82
EUR
497
-1.77
RUB
5.53
-0.07

Сағадиев орыс мектептерінде оқитын 500 мың баланы қазақша сөйлетпек

Бірақ, Білім және ғылым министрін мазалайтын бір мәселе бар екен. Ол – орыс мектептерінде оқып жүрген бес жүз мың баланың тіл тағдыры.

«Бірақ, проблема қандай? Қазір орыс мектептерінде оқитын бес жүз мың бала қазақша сөйлемейді. Сондықтан, министрліктің алдындағы ең жоғарғы мақсат 3-4 жылда бес жүз мың баланы қалай қазақша сөйлетеміз деген мәселе. Олар қазақша сөйлеу керек қой. Түсініп отырмыз, оқыту әдістемесі дұрыс емес. Ең алдымен дұрыс әдістеме жасау керек. Үш-төрт зияткерлік институт жиналып, әдістемені дайындап жатыр. Осы әдістеме дайын болса, 2017 жылдан бастап орыс мектептерінде қазақ тілінде өтетін сабақтар өзгере бастайды. Ең алдымен, дұрыс әдістеме керек. Заманауи ғылыми негізде жасалған, компьютерлік моделдеуден өткен алты айда тіл үйрететін әдістеме жасап жатырмыз. Үш жылдың ішінде балалардың барлығы қазақша сөйлейді. Мен оған сеніп отырмын»

– деді министр Е.Сағадиев.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз