Қыдырәлі Болманов өзі мен Қарақатты келеке етіп, карикатурасын салған суретшіні сотқа береді. Сөз бостандығы, ой бостандығы тұрғысынан қарасаң, дұрыс емес шығар. Өйткені, карикатура деген жанр бұрыннан бар.
Бірақ, еркектік тұрғыдан ойласаң Қыдекеңдікі дұрыс. Бір өзінің суретін салса, әңгіме жоқ. Алайда, әйелін жалаңаштап, суретін жариялауы жөн емес. Қыдырәлінің адвокаты да осы кемшілікті аңғарыпты. Біреудің әйелін, біреудің келінін, біреудің анасын олай мазақ етуге болмайды.
Ғабит Сапарбеков
Facebook-тегі парақшасынан