«Уфа» футбол клубының бас директоры Шамиль Газизов хабарлағандай, клуб УЕФА Еуропа лигасында өнер көрсету үшін қажетті лицензия алуға өтініш тастап қойыпты.
«Чемпионат» сайты жазғандай, Ресей кубогының финалында кездесетін «Тосно» мен «Авангард» командалары еврокубоктарда өнер көрсетуге рұқсат беретін лицензияны ала алмай қалуы бек мүмкін. Егер ол екеуі лицензияны ала алмаса, Еуропа лигасында Ресей премьер-лигасының алтыншы командасы өнер көрсете алады. Қазір алтыншы орында Еркебұлан Сейдахмет ойнайтын «Уфа» командасы тұр.