Өнерде жұптаса ән айтқан жұлдыздар Ерке Есмахан мен Төреғали Төреәліні желі қолданушылары “үйлендіріп тастады”.
Бұл туралы nur.kz хабарлайды.
Естеріңізге салсақ, “Алло” әнінен кейін арада кикілжің туындаған соң, Төреғали мен Ерке бірлесе ән айтпай қойған. Араға бірнеше ай салып, өнердегі жұп сахнада қайта табысып, “Алло” әнінің жалғасы “Сәлеметсіз бе?” туындысын халыққа ұсынған. Бүгінде олар сахнада бұрынғыдай жиі көрісіп тұрмаса да, ара-тұра бірге жазылған әндерін орындап жатады.