Елбасының атына Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғаннан жеделхат келіп түсті.
«Өкінішке орай, Сіздің вирус жұқтырғаныңыз туралы хабар жетті. Алла Тағаладан тезірек емделуіңізді сұраймын, —
деген жеделхаттың дәйексөзін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің баспасөз қызметі келтіреді. —
Өз рухыңыздың күшінің арқасында сіздің бұл сынақты жеңіп шығатыныңызға сенімдімін. Қажет болған жағдайда кез келген көмек көрсетуге дайын екенімді білгеніңізді қалаймын.
Түрік халқының және жеке өз атымнан тезірек сауығып кетуіңізді тілеймін».