Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Владимир Путин Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғаннан хат алғанын және онда ресейлік Су-24 пилотының қазасына кешірім сұрағаны айтылғанын мәлімдеді.
Бұл туралы ресейлік RT агенттігі хабарлайды.
“Ердоған болған оқиғаға байланысты терең күйзеліспен көңіл айтып, Түркия мен Ресейдің дәстүрді достастық қарым-қатынасының қайта орнығуына, сонымен қатар өңірдегі дағдарыс оқиғаларына бірігіп жауап қатуға, терроризммен күресуге бар мүмкіндікті жасайтынын жеткізді”, – деп атап өтті Песков.
Еске салайық, Сирияда антитеррористік операцияға қатысып жатқан Су-24 ұшағын 2015 жылдың 24 қарашасында түрік әскерилері атып түсірген болатын. Ресейлік ұшақтың экипаж командирі Олег Пешков парашютпен жерге қону кезінде қаза тапты – оған жерден оқ атылған. Осы оқиғадан кейін бұзыла бастады.
БАҚ мәліметінше, ұшақ түріктің F-16 жойғышының “әуе-әуе” түріндегі зымыраны арқылы атып түсірілген және Сирияда, Түркияның шекарасына 4 шақырым жерге құлаған.