Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Энергетика министрі: Бензиннің қымбаттауы – уақытша құбылыс

Сол секілді, 20 күн бұрын Павлодардағы мұнай өңдейтін зауыттың құрал-жабдығы аяқ астынан істен шықты. Салдарынан, нарыққа жеткізілетін өнім көлемі 4-5 пайызға азайды, яғни қазақстандық арзан бензин азайды. Есесіне, Ресейдің бензині көптеп келіп жатыр. Бірақ ол қымбат.

Кез келген трейдер екеуін араластырып, орташа бағаны шығаратыны белгілі, – деді министр.

Қанат Бозымбаевтың айтуынша, АИ-92 жанар-жағармайының қымбаттауына қатысты мәселе 7-10 күнде шешіліп қалады.

– Біз баға өзгереді деп үміттенеміз. Егер өткен жылғы есепке сүйенсек, менің әріптесім де қазан айында осындай мәселеге қатысты жауап берген. Ол кезде бензин құны 127 теңге еді, ал ақпан айында ол 123 теңгеге түсті. Біз осы жолы да солай болады деп болжаймыз.

Еске сала кетелік, өткен демалыс күндері қазақстанның жанар-жағармай құю стансаларында 1 литр жанар-жағармай 125-тен 128 теңгеге өскен болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз