Нұр-Сұлтан
Қазір
-12
Ертең
-10
USD
515
-0.96
EUR
537
-0.28
RUB
5.18
+0.01

Желіде ашық-шашық суреттерін жариялайтын Әсел Асқар: “Тағы салам…” (фото, видео)

439

Сын садағына іліккен қыздың қылығы кімге жақсын? Қылтыңы мен сылтыңын шетке жиыстырып, оқырмандарына тек жүрекжарды өлеңдерін арнайтын Әселдің бұл суреттері жұртты есеңгіретіп тастады. Ал жағымсыз пікір жазғандардың басым көпшілігі арудың сағын сындырды.

«Санын жарқыратып». Желіге «сексуалды» суреттерін жүктеген Әсел Асқар елді дүрліктірді

“Мұндай шуды күтпедім. Тіпті, бір сағаттан кейін пікірлерді мүлдем оқығым келмеді. Онда жүрекке тікелей тиетін ауыр сөздер өте көп болды.

Әкеңіз бен ағаларыңыз қайда қарап отыр? – деген сөздері менің көңіліме қаяу түсірді. Дегенмен көш жолынан қалмайды, ал сын айтыла береді.

Мен Instagram парақшамды өзгелер сияқты табыс көзі ретінде көрмеймін, керісінше шығармашылықтың иісі аңқып тұрса деймін”, – дейді Әсел.

Шығармашылық өз жолына, бірақ оқырмандардың дәйек қағуы бекер емес. Елдің сөзінен бөлек, халық алдында жүрген әнші ағаңыз бұл суреттерді көргенде қандай күй кешті екен?

«Қуып кетті демеңіздер…». Алтынай Жорабаева Қайрат Нұртасты жақсы көретінін айтты (видео)

“Желіге қандай да бір сурет жүктемес бұрын ағама көрсетемін. Мынаны сал, ананы салма деп айтып отырады.

Әрине, ол ашық-шашық суреттерімді көргенде қуана қойған жоқ. Дегенмен, менің ақылды, аяғын аңдап басатын саналы қыз екенімді жақсы біледі.

Мен оларды еш уақытта ұятқа қалдырған емеспін”, – дейді Әсел Асқар.

Әсел мұндай фототүсірілімге аяқ астынан барғанын айтады.

“Шаш үлгімді өзгерткеннен кейін оқырмандарым мені әлемге танымал Джиджи Хадид пен Хейли Болдуин сынды сәнқойларға ұқсатып жатты.

Салыстырып қарасам, шынында ұқсас жерлерді байқадым. Сөйтіп неге солар сияқты суретке түспеске деп ойладым”, – дейді Әсел Асқар.

Масқара! Келіннің бетін ашқан мына жігіт жұрттың жағасын ұстатты (видео)

Танымал бикеш мұнымен тоқтап қалмақ емес.

“Болашақта осы сынды әртүрлі образдағы суреттерімді жиі жариялаймын. Өзімді әртүрлі қырымнан көргім келеді. Сондықтан неге өзгеріп көрмеске? Оған ешқандай кедергі жоқ деп ойлаймын”, – дейді блогер.

View this post on Instagram

Приручи меня, словно кошку. Я не дикая, я – ручная. Со мной будет немного сложно, Но я знаю дорогу до рая. Если с сердцем ко мне открытым – Не предам и я буду рядом. Я готова прощать обиды, Но простить не смогу обмана. Иногда я бываю сильной. Или просто пытаюсь казаться… А мне хочется быть любимой И в любви своей растворяться. Я кажусь притягательной многим, Но мне нужен один, родной – Кто тоску мою в сердце разгонит И от бед закроет спиной. Я в душе – пушистая кошка От любви и ласки мурчащая. Мой характер сложный немножко. Но я верная, я – настоящая. #поэзияменинжурегимде #нирванадакалгып #поэзияльётсясмоегосердца #стихи #нирвана #моянирвана #стихипоэзиямоёвсё #алматы #almaty #kz #осень #казахстан #любовь #asselaskar #соблазны #аселёка #любовьжизньмысли #любовь #жизнь #мариякуткар Video by @aidyn_ahmet Dress @aina_manasheva Make Up/Hair @saniyamakeup_almaty

A post shared by Асель Аскар 🕊 (@assel.askar) on

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз