Қауіпті челленджге қатысып, Қазнет қолданушыларының қызу талқысына түскен Алтынай Жорабаева өзінің заң бұзбағанына сенімді. Әнші өзін сынағандарды сабырға шақыруда. Себебі Алтынай аталған челленджді жолдың жиегінде жасаған.
Бұл туралы НТК телеарнасы хабарлайды.
Бір қарағанда ережелері оңай көрінгенімен, бұл челленджді халық та, тәртіп сақшылары да қауіпті екенін айтып, дабыл қағуда. Бүгінде жаһанды жаулаған флэшмоб біздің жұлдыздарға да жеткен. Мәселен, Арман мен Аша трендтен қалыспайтын танымалдар қатарында. Тіпті, хит байсалды Мейрамбек Бесбаевқа да ұнап қалған сыңайлы…
Ал, Алтынай Жорабаева хайп қуған жұлдыздардың майып болып қалуларынан қорқады.
“Әрине, оны жасауға болмайды. Қауіпті. Оны кәдімгі көшеде көлік жүріп жатқан кезде жасауға болмайды”, – дейді ол.
Десе де, Жорабаева флешмобқа қатысқан әншілердің қатарында. Әйткенмен әнші өзінің де, өзге жүргізушілердің де өміріне қауіп төндірмегеніне сенімді. Себебі:
“Құрбымды күтіп тұрдық Түркістаннан шыға беріс жерде. Ол жер көше емес. Көшеден әлдеқайда алыс жерде. Мен ақымақ емеспін ғой. Мынау қырыққа келгенде қуыпты деп сөйлеп жатыр”, – дейді әнші.
Жорабаева көптің талқысына түскен видео арқылы Қайрат Нұртасты қолдағысы келген.
«Міндетті емеспін». Ләйлә Сұлтанқызы Жорабаева жайлы ашығын айтты
“Қайрат Нұртастың өзім қатты жақсы көремін. Өнеріне басымды иемін. Содан ағылшынша айтылған әніне көп сындар кетті ғой. Сол әннің өзі, музыкасы, аранжировкасы керісінше маған ұнайды. Содан сол әнге әдейі айтқым келді де қолдау мақсатында”, – дейді әнші.