Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Енді полицейлердің таяқтарын қайда жібермек?

Бұдан бұрын хабарланғандай, Ішкі істер министрлігі органдары жол жүрісін қадағалау кезінде автопатрульдеу әдісіне толықтай көшті.

Осы орайда жаяу жүрген полицейлер енді көліктерді тоқтатпайды.

Сонымен қатар, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап біздің ішкі істер органдарының қызметкерлері көліктерді тоқтату үшін арнайы таяқша қолданбайтын болады.

Мүсілімовтың сөзіне қарағанда, бұл шаралары қабылдауға барлық жерлерде фото және бейнетіркеудің енгізілуі ықпал етіп отыр.

Көліктерді тоқтату патрульдік машиналарда орналасқан арнайы дыбыс және жарық белгілері арқылы іске асырылады.

«Ерекше жағдайда, яғни ЖКО, төтенше жағдай, кептеліс кезінде көлік құралдары қол қимылымен, бір мезгілде ысқырық арқылы тоқтататын болады. Осындай талап шетелдердегі озық тәжірибелерді ескере отырып енгізілді»,-деді ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз