Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Еңбек министрлігі зейнетке шығу жасының өзгеруіне қатысты түсініктеме берді

155
Дереккөзі: foto-basa.com

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жалған ақпарат тарады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат». Қазақстандықтарды фейкке назар аудармауға шақырды.

Ведомство ерлер үшін зейнеткерлік жас 63 жаста, әйелдер үшін қазіргі уақытта – 59,5 жаста басталатынын еске салды. Сондай-ақ, ҚР азаматтары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (БЖЗҚ) зейнетақы жинақтары жеткілікті болған кезде зейнетақы аннуитетіне —  зейнеткерлік жасқа толғанға дейін зейнеткерлікке шығу құқығын пайдалана алады.

Зейнетақы аннуитеті 55 жастағы ер адамдар үшін, ал әйелдер үшін 51,5 жас белгіленген. Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін азаматтар 50 жастан бастап зейнетақы аннуитетін пайдалана алады.

Бұл ретте, заңда әйелдердің зейнеткерлік жасын 10 жыл ішінде — 2018 жылдан бастап 2027 жылға дейін — жыл сайын 6 айға дейін арттыру көзделген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз