Әлем чемпионатында ең нашар көрсеткіш көрсеткен венесуэлалық шаңғышы Адриан Солано ғаламтор жұлдызына айналды.
Оның басынан өткен оқиға елді тебіренткен деп хабарлады RT агенттігі.
Шаңғы спортынан ол ең нашар нәтиже көрсетті, алайда оның қатысуымен түсірілген бейнежазбаны мыңдаған адам көрген. Венесуэлалық шаңғышы жеңімпаздан 40 минутқа қалып келді.
Шаңғышы қарды өмірінде алғаш рет көріпті. Бұған дейін Солано Каракас көшелерінде роликті шаңғы теуіп, жаттыққан екен.
Айта кететін тағы бір жайт, спортшы Әлем чемпионатына өз қалтасынан ақша шығарып барған. Ал үйіне қайтар жолға, тамаққа ақшасы жетпепті. Бұл аздай, Франция әуежайында спортшыны заңсыз мигрант деп ойлап қалып, полиция оны кері депортациялай жаздаған көрінеді.