Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-10
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Елжан Біртанов дәрігерлерге үндеу жасады

267
Елжан Біртанов, primeminister.kz сайтынан алынған сурет

Үндеуін өзінің Facebook желісіндегі  парақшасында жариялады.

«Мен бүгін тәулік бойы жұмыста жүрген, қаңтар айынан бері демалыс көрмеген барлық деңгейдегі медициналық қызметкерлерге, дәрігерлер мен медбикелерге, санитарлар мен медициналық ұйымдардың басшыларына, санитарлық қызметтегілерге, университеттер мен ғылыми орталықтардың жетекшілеріне үндеу тастағым келеді.

Көбіңіздің қалжырап шаршағандарыңызды, эмоционалдық тұрғыда әбден қиналғандарыңызды түсінемін. Көбіңіз үйге барып, балаларыңызды құшақтай алмай отырсыздар. Үрейленіп те жүрсіздер. Араларыңызда жұқтырып алғандар да бар», – деп жазды Елжан Біртанов.

Министр медициналық қызметкерлер қаншама қиналса да адамдарды құтқару үшін таңертең тұрып, жұмысқа баратынын еске салды.

«Ақша немесе абырой үшін емес, жұмысыңыз сондай болғаннан кейін адамдардың өміріне араша түсіп жүрсіздер. Мен сіздермен мақтанамын!» – деді министр.

Өкінішке қарай, қазір қайдағы бір «сарапшылар», карантинде іші пысқан «мамандар» мен диван сыншылары пайда болды. Олар әлеуметтік желілер мен жаңалықтар легін «қоқыс» ақпараттармен, түсініксіз бағалармен, орынсыз болжамдармен және ойсыз кеңестермен толтырып тастады. Сабырға келіп, оларға мән бермеулеріңізді, өздеріңізді кәсіби тұрғыда ұстауларыңызды сұраймын. Ондай адамдардың сөздерін жүрекке жақын қабылдамаңыздар

 Уақыт өте келе эпидемия да жойылады. Бүгінгі күн туралы кітаптар жазылып, фильмдер түсіріледі.

Көбі осы күнді ұмыт қалдырар. Бірақ дәл осындай қиын кезеңде күндіз-түні, апталап, айлап ауруханада СІЗДЕРДІҢ болғандарыңызды есте сақтаңыздар. СІЗДЕР – бүгінгі күннің батырысыздар! Бұл вирусты жеңерімізге сенемін. Оны сіз бен біздің кәсібилігіміз, ғылымымыз бен тәртібіміз жеңеді. Өздеріңізді сақтаңыздар», — деп түйді Елжан Біртанов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз