Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
2
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Елжан Біртанов Ақтөбедегі жеті жасар қыздың өліміне кінәлілердің бәрі жауап беретінін айтты

Министр қайғылы жағдай жөнінде парламентте журналистерден білгенін мәлімдеді. Оған қоса, Біртанов оқиғаға жауаптылар оған бұл ақпаратты жеткізбегенін айтты.

Еліміздің бас дәрігері бірінші сынып оқушысының өліміне кінәлілардың барлығын жазалап, тиісті шараларды қолдануға уәде етті.

Шенеунік мұндай оқиғалар бірден тергеу амалдары үшін полицияға берілетінін жеткізді.

Айта кетейік, тәртіп сақшылары жеті жасар қыздың өліміне қатысты тергеу жұмыстарына бастап кеткен.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ақтөбеде жеті жасар қыздың

қайтыс болғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Балақай дәрігерлер келгенше көз жұмған. Оқиға орнына шақыртылған жедел жәрдем тек 49 минуттан кейін келгенін дәрігелер мойындаған еді.

Қайтыс болған балақайдың анасы дәл осылай екінші қызынан айрылып қалғанын айтады.

Айта кетейік кеше қайғылы оқиғаға қатысты денсаулық сақтау министрлігі де пікір білдірген еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз