Астана қалалық ІІД экстремизммен күрес басқармасының қызметкерлері тіркеуі жоқ 4 намазхананы, экстремистік мазмұны бар материалдарды сақтау дерегін және заңсыз емдеумен айналысу дерегін анықтады. Осы деректер бойынша тексеру шаралары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, алдын алу шаралары барысында елорда аумағында уәкілетті органдарда заңсыз миссионерлік қызмет атқарып жүрген шетел азаматы анықталды. Баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адамды Қазақстан Республикасы аумағынан депортациялау мәселесі сот тәртібінде қаралып жатыр.