Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Еліміздің түкпір-түкпірінде жалпыхалықтық сенбілік өтіп жатыр

232

Таза қаланың тынысы кең демекші бас қаламыздың басты көшесінде таң сәріден ерекше қарбалас. Үйреншікті үрдіске айналған сенбілікке Сенат және Мәжіліс депутаттары жұдырықтай жұмылған. Шарапаты мол шараға халық қалаулылары ерекше көңіл күймен келсе керекті. Дағдылы игі іске ат салысып жатқандардың санында шек жоқ.

Ресми ақпаратқа сүйенетін болсақ, бүгінгі бұл сенбілікке 100 мыңнан аса адам мен 4,5 мыңға жуық мемлекеттік мекеме тартылады. Өздеріңіз көріп тұрғандай бүгін депутаттар қаламның орынына қолдарына күрек алып жылдағы дәстүрден жаңылмады. Атадан мал қалғанша тал қалсын деген қағидатты ұстанған халық қалаулылары Астананың ажарын аша түсуге ниетті. Басты мақсат та осы.

Бұндай берекелі істен біз шаршамаймыз дейді мәжілісмендер.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қаланың келешегі мен келбетіне аса мән беру керектігін Астананы дамытуға арналған келелі кеңесте айтқаны белгілі. Осыған орай барша астаналықтар кіршіксіз қалада күн кешу үшін тазалыққа жіті мән бергені жөн.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз