Олжас Бектенов әкімдерге азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру құралдарын қолдануды тапсырды. Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында мемлекет басшысының инфляцияны төмендету бойынша алға қойған міндеті аясында өңір басшыларының назарын осы бағыттағы жұмысты күшейту қажеттігіне аударды.
Соңғы екі айда инфляция деңгейі 12,4%-ға дейін төмендегенін, алайда, кейбір өңірлерде, атап айтқанда, Ұлытау, Ақмола және Атырау облыстарында керісінше, өскені байқалады. Басты себеп – азық-түлік бағасының қымбаттауы болып отыр.
«Өңір әкімдерінде азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру үшін жеткілікті құралдар бар. Тек осы бағыттағы жұмысты күшейту керек», – деді премьер-министр.
Жалпы, инфляциялық процестерді төмендету үшін 2026-2028 жылдарға арналған макроэкономикалық тұрақтандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі бірлескен іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыру барысын бақылауда ұстау қажет.