Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Еліміздің шахмат федерциясы Бибісара Асаубаеваға қатысты мәлімдеме жасады

Федерация өз кезегінде, Б.Асаубаева болашағынан үміт күттіретін спортшы болғандықтан, оның таланты мен еңбегін ескере отырып, спортшыға халықаралық турнирлерде қосымша қаржылық көмек қарастыруды дұрыс деп тапты.

«Ол туралы мен Л.Таңжарықоваға хабарласып, айтқан болатынмын және оның бұл жаңалыққа оң көзқарас танытқаны анық еді. Содан кейін Л.Таңжарықовадан ҚШФ атына ешқандай өтініштер келген жоқ. Осылайша бұл мәселе шешімін тапқандай көрінген», – дейді ҚШФ атқарушы директоры.

Дегенмен 30 мамыр күні Л.Таңжарықовадан қызының «басқа федерацияға ауысуына байланысты» ҚШФ қатарынан шығару туралы өтініші келіп түсті. Кейін анықталғанындай, Б.Асаубаева Ресейдің шахмат федерациясына қабылданған.

«ФИДЕ ережелеріне сәйкес, спортшының федерациядан шығу туралы өтініші түскеннен кейін, 3 айдан соң шахматшы автоматты түрде өзге федерацияға қабылдана береді. Аталған мерзім аяқталмас бұрын, 19 тамызда біздің федерация оның қызы басқа федерацияға өту туралы шешімін растайтындығын білу мақсатында Л.Таңжарықоваға сауал жолдады. Алайда ешқандай жауап келмеді. Осыған орай, Б.Асаубаева 26 тамыздан бастап, турнирлерде Ресейдің шахмат федерациясының атынан шығатын спортшы деп танылды», – делінген Грищенконың хабарламасында.

Еске сала кетсек, еліміздегі талантты шахматшы қыздардың бірі Бибісара Асаубаева алдағы уақытта жарыстарға Ресейдің атынан шығатыны белгілі болған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз