21-маусымда еліміздің батысынан басқа барлық аумақта найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
Қазгидрометтің хабарлауынша, Павлодар, Ақмола, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кейбір аумағында желдің екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының бірқатар ауданында кешқұрым тұман түседі.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында қатты жел тұрып, күндіз бұршақ жаууы ықтимал, күн салқындайды.