Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Синоптиктердің болжауынша, кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бұршақ жаууы да ықтимал.
Қазгидрометтің хабарлауынша, тек оңтүстік пен оңтүстік-шығыс қана жауын-шашынсыз. Бұл өңірлерде ауа температурасы қызып, аптап ыстық болады. Күндіз 23-28, кей жерлерде 35 градусқа дейін ысиды.
Ал батыс, шығыс және орталық Қазақстанда түнде ауа температурасы 10-15, ал күндіз 20-30 градусқа дейін көтеріледі. Ал солтүстік аймақтарда күн салқын. Түнде 5-13 градус болса, күндіз сынап бағаны 18-23 градусты көрсетеді.
Алматы да көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр жауады. Найзағай жарқылдайды.