Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Еліміздің 4 өңірінде жол-көлік қозғалысы шектелді

Ақмола облысында да осылай ауа райының нашарлауына байланысты «Екатеринбор-Алматы» тас жолының учаскесінде (1280-1353 км, Астана- Қарағанды облысының шекарасы) барлық көлік түрінің қозалысы тоқтатылды.

Қарағанды облысында көктайғақтың болуына байланысты Алматы-Екатеринбор» күре жолының учаскесінде (1051-1142 км, Теміртау қаласы – Акмола облысының шекарасы) барлық автокөлік түрлерінің қозғалысы шектелді. 00-20 сағаттан бастап ауа райының нашарлауына байланысты «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» (17-215 км, Қарағанды-Қарқаралы), «Қызылорда – Павлодар» (906-433 км, Топар кенті – Жезқазған»), «Қызылорда-Павлодар» (970-1135 км, Қарағанды – Павлодар облысының шекарасы), «Алматы-Екатеринбор» (1007-641 км, «Қарағанды – Балқаш») қоғамдық және жүк көліктері қозғалысына шектеу қойылды.

Павлодар облысында 01-00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты «Қызылорда- Павлодар» 1135-1206 км, Шідерті кенті – Қарағанды облысының шекарасы) барлық көлік түрі үшін жол жабылды. 01-15-тен бастап ауа райының нашарлауына орай (бұрқасын) «Астана -Қабанбай батыр кенті» тас жолының учаскесінде қоғамдық және жүк көліктері қозғалысына шектеу енгізілді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз