Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Нұрлан Нығматулин электр энергиясының ақысын арзандатуды ұсынды

Жалпы отырыста “ҚР кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасы қаралды. Энергетика министрі Қанат Бозымбав баяндама жасады.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Елбасының “100 қадам” ұлт жоспарының 51-қадамында айтылғандарды еске салды. Төраға 51-қадамға сәйкес, өңірлік энергетикалық компанияларды ірілендіру (ӨЭК) керектігін және тұтынушылар үшін электр энергиясының ақысын азайтуды ұсынды

“Бірден айтайын, алғашқы оқылымға ұсынылған заң жобасы 51-қадамда айтылған мәселелерді толық қамтымаған.

Өңірлік энергетикалық компанияларды ірілендіру (ӨЭК) бойынша тек 27 компания ғана біріктірілген” , – деді Нұрлан Нығматулин.

Айта кетейік, 51-қадамда “Өңірлік энергетикалық компанияларды ірілендіру (ӨЭК)” энергиямен қамтамасыз етудің сенімділігін арттырады делінген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз