Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Елімізде сиыр мен жылқы етінің бағасы қымбаттады

Ведомство ақпаратына сәйкес, қаңтар-қыркүйекте баға бидайға 4,4, сұлыға – 4,3, қара бидайға – 3,9, жүгеріге 3,4, күрішке – 2,9, арпаға – 0,8 процентке өсіп, қарақұмыққа 9,3 процентке төмендеді. Қырыққабат 1,8, асханалық қызылша – 0,5 процентке қымбаттады, ал картоп 8,3, басты пияз – 5,4, асханалық сәбіз – 5, ашық топырақтың қызанақтары – 4,9, ашық топырақтың қиярлары – 2,4 процентке арзандады. Баға бақша дақылдарына 6,3, жүзімге – 5,8, күнбағыс тұқымына – 2,2 процентке өсті, ал жеміс және жидектерге 9 процентке арзандады. Ірі қара мал еті 3,4, жылқы еті – 2,7, қой және шошқа еті – 1,7 процентке қымбаттады, ал құс еті 9,5 процентке арзандады. Баға жұмыртқаға 12,3 процентке төмендеді, ал шикі сүтке 1,2, балға – 0,5 процентке өсті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз