Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Елімізде полицейлердің смартфон ұстауына қайтадан рұқсат берілуі мүмкін

Цифрландыру – бұл болашақ, бірақ қылмыстық қудалау мен қылмыстық жауапкершілікке тартудың ерекшелігін ескеру керек. Электронды тергеу секілді формаға толыққанды көшу үшін ішкі істер органдарының техникалық жарақтандырылуы көңіл көншітпейтінін біз көріп отырмыз”, — деді Жақыпов.

Вице-министр процеске қатысатын бүкіл құрылымдарды толыққанды техникалық жабдықтау үшін 11 миллиард теңге қажет екенін айтты.

Заң жобасының таныстырылымынан кейін журналистер Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжановтан цифрландыруға байланысты смартфон пайдалануға рұқсат беру жағы қалай болатынын сұрады.

“Иә, әрине. Бұл сұрақ барлық мәселемен бірге қарастырылатын шығар”, — деді Ахметжанов.

Өткен жылы көктемде Қазақстанда мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен ғимаратқа кіретін азаматтарға мобильдік құрылғылар (смартфон, планшет, смарт-сағат) пайдалануға тыйым салынған болатын. Бұл шара қызметтік ақпараттың әлеуметтік желі арқылы тарап кету фактілерінің жиілеп кетуіне байланысты қолға алынды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз