Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
20
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Елімізде дәрігерлер менингиттің кәдімгі ақшадан тарала бастағанын айтуда

Әдетте біз «Ақша – қолдың кірі» деп жатамыз. Тура мағынасында да солай екен. Яғни, көзге тап-таза болып көрінгенімен, банкноттардың қай-қайсысында да бактерия қаптап жүр. Ақша айналыста неғұрлым ұзақ жүрсе, ондағы ауру тудырғыш заттар да соғұрлым көбейе түседі.

Мамандар бір ғана қағаз ақшада 500-ден аса микроағза болатынын анықтаған. Әрі купюрадағы бактериялар өте өміршең келеді. Көк қағаздың осындай жоғары қаупі туралы алматылық дәрігерлер қараша халыққа ескерту жасады.

“Көп адамдар ойланбастан ақша санаған кезде ауыздарына саусақтарына салып, түкіріп, жатады. Бұл адамдарда жұқпалы ауруларды жұқтыру қаупі өте жоғары”, деді Алматы қаласы қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің бөлім жетекшісі.

Бацилла, стрептококк, ішек таяқшасы… Банкноттарда өте жиі кездесетін бактериялар осылар. Ақшада өмір сүретін мұндай заттар адамды фарингит, менингит, өкпе қабынуы, туберкулез сынды кеселдерге душар етуі мүмкін екендігі ғылыми тұрғыда дәлелденіпті. Бірақ, мұны көпшілік ескере бермейді.

https://kaz.365info.kz/oz-balam-emes-zhanaozende-balasyn-balkonga-shygaryp-yrgan-ajel-oz-areketin-tysindirdi-323932

Ал, ақшадан өлімге жетелейтін кеселдерді жұқтырмайын десеңіз, қарапайым тазалық талаптарын сақтағаныңыз жөн. Әсіресе, тамақ ішер алдында қолды жуу маңызды. Банкноттарды кішкентайларға, тіпті, ұстатпаңыз. Сондай-ақ, дәрігерлер шекара асып, шетел ақшасын қолданған кезде де аса сақ болу қажет дейді.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз