М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры Қайрат Нұрманбетов 28,5 миллион теңге пара алды деген күдікпен ұсталды. Желіде М.Әуезов атындағы оқу орнының басшылық қызметтегі екі қызметкері мен екі компания басшысы қамауға алынғаны жайлы айтылды.
Экономикалық тергеу департаменті ректордың ұсталғаны туралы ақпаратты растады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеудің құпиялылығына байланысты ақпарат жария етілмейді. Істің мемлекеттік сатып алуға қатысты екені ғана белгілі.