Open Doors халықаралық олимпиадасы Қазақстаннан келген талапкерлерге академик С.П.Королев атындағы Самара ұлттық зерттеу университетінде білім алу мүмкіндігін береді.
Королев атындағы Самара университеті Ресейдің қолқа жүрегінде орналасқан! Бүгінде бұл нақты, жаратылыстану және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар, экономика және құқықтану саласында 280 ерекше білім беру бағдарламасын ұсынатын көпсалалы ғылыми-білім беру орталығы.
Бүгінде Королев атындағы Самара университетінде пәнаралық зерттеулер белсенді дамып келеді, жасанды интеллект, биотехнология және әлеуметтік-гуманитарлық кибернетика сияқты алдыңғы қатарлы салаларда жаңа эксперименттік ғылыми және білім беру алаңдары – гринфилдтер құрылып жатыр.
Самара университетінде 18 000 студент оқиды, оның 800-ден астамы 68 елден келген шетелдік студенттер. Олардың төрттен бірі – 205 адам Қазақстаннан. Бұл әлемнің басқа елінен әлдеқайда көп. Көптеген қазақ түлегі университет бітірген соң Отанына оралып, елдегі кәсіпорындарында сұранысқа ие мамандарға айналады.
Университет Қазақстанның әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті, Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Т.Ж.Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің әскери институты сынды үш ірі жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық туралы келісім жасасқан. Экономика және басқару институтының студенті Арина Зайцева Петропавлдан Самараға келген.
«Мен Королёв атындағы Самара университетін таңдадым, себебі мұнда заманауи білім беру бағдарламалары, тәжірибелі оқытушылар мен оқу ғана емес, өмірде де дамуға көмектесетін нәрселер бар. Талапкер ретінде мені қызықтырған бірінші нәрсе, сайттың ыңғайлы әрі түсінікті болуы, бұл ұйымдастыру деңгейінің жоғары екенін көрсетті», – деді Арина Зайцева.
Ержан Бикбау биология факультетіне оқуға түскен, бакалавриатты және магистратураны аяқтаған, қазір аспирантурада білім алып жатыр.
«Оқудан және ғылыми қызметтен бөлек, университетте дағдыны жүзеге асыру үшін миллиондаған мүмкіндік бар. Мысалы, 2019 жылы мен жаратылыстану ғылымдары институтының өзінің БАҚ жетіспейтінін білдім. Осылайша «Big Secret» пайда болды. Қазір медианы басқа команда басқарады және университет деңгейіне әлдеқашан көтерілген. Mister International байқауында елім туралы айту мүмкіндігіне ие болдым», – деді Ержан Бикбау. Ол болашақ студенттерге тәуекел жасауға, идеясын жеткізуге, оқытушылар мен ғылыми жетекшілердің ұсыныстарына құлақ асуға және сарапшылардың сынына объективті қарауға кеңес береді. «Уақытты тиімді басқару және өзін-өзі дамыту – бұл Самара университетінің табысты студентінің формуласы», – деп сөзін түйіндеді Ержан Бикбау.
«Ресей білім алу үшін Қазақстаннан студенттер таңдаған елдер рейтингінде бірінші орында. Бұл кездейсоқ емес. Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара тиімді серіктестік байланыстардың тарихи бірлігіне, экономикалық және өндірістік дамудың ұқсас векторына байланысты. Бүгінде Қазақстан басшылығы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты дамытуға үлкен қызығушылық танытып отыр. Королёв атындағы Самара университетінде Қазақстаннан келген студенттердің саны басқа елдерден келгендерден де көп. Біз техникалық және гуманитарлық бағыттар бойынша студенттерді қабылдауға мүдделіміз. Әсіресе, Самара мен Байқоңырды біріктіретін тығыз қарым-қатынастарды ескерсек!», – дейді Королёв атындағы Самара университетінің ректоры Владимир Богатырев.
Қыркүйек айында Астанада өткен «Еуразиялық кеңістікте орнықты даму және қауіпсіздік» конференциясы аясында жүргізілген келіссөздердің нәтижесінде Open Doors халықаралық олимпиадасы сияқты құралды пайдалана отырып, шетелдік магистранттарды тарту туралы келісімге қол жеткізілді. Бұл олимпиада 100-ден астам елді қамтуға мүмкіндік береді.
«Мен қазақ талапкерлерін Самараға шақырамын. Біздің білім беру тәсіліміздің бірегейлігі «Зерттеу арқылы оқыту» қағидасын жүзеге асыруда және студенттеріміздің кәсіпкерлік дағдыларын дамытуда көрінеді. Бұл кәсіпкерлік бағдарламалар арқылы, сондай-ақ түлектік біліктілік жұмысы ретінде стартап-жобаны қорғау мүмкіндігімен жүзеге асырылады», – деді ректор.