Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Елімізде 16 жастан бастап түсік жасатуға заңмен рұқсат етілуі мүмкін

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Қазіргі заңнама бойынша кәмелетке толмаған қыз балаларға медициналық көмек көрсету үшін ата-анасының немесе заңды өкілінің келісімі міндетті түрде керек. Денсаулық сақтау министрлігі осыны кедергі деп, заңнан алып тастағысы келеді.

“Жасөспірімдер 16 жастан бастап өз бетінше шешім қабылдайтын болады. Бұл әлемде бар тәжірибе. Қазір аяқасты бала көтеріп қалған қыздар көбейіп барады. Ал осы заң арқылы жүктіліктің ерте кезеңінде тиісті медициналық көмек алуға мүмкіндік береді”, деді ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары.

Яғни, қыз бала өз бетінше шешім қабылдайды да оған ата-анасы немесе заңды өкілі араласпайды. Дәрігерлер де жасанды түсік жасау үшін үлкендерден рұқсат сұрап жатпайды. Адам өз тағдырын өзі шешетін болса да бұндай жағдай жасөспірімдердің таным-түсінігіне тым ауыр дейді психологтар.

“Осындай кішкентай қыздарды  түсікке апару тығырықтан шығудың жолы емес. Барлық мектептерге барып, сол қыз балалармен, жігіттермен сөйлесу керек жасөспірім кезінен бастап. Жыныстық сауатын ашу қажетпіз”, деді психолог.

Ресми деректерге қарасақ, ерте бастан жүкті болған жас қыздар азаймай отыр. Былтырдың өзінде олардың саны 3 жарым мыңға жетіп қалған. Әйтсе де заңға енгізуге ұсынылған бұл өзгерістер алдағы уақытта қоғам талқысына түсуі керек. Ал әзірге аяғы ауыр жас қыздардың жағдайына болысатын елімізде 105 жастар денсаулығы орталығы жұмыс істеп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз