Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық ағымдардың өтуінен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Тек республиканың батысында, оңтүстігі мен солтүстік-шығысында ауа-райы жауын-шашынсыз, деп хабарлайды Қазгидромет.
Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан, Жамбыл, түнде Оңтүстік Қазақстан, күндіз Ақмола, Алматы облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді. Қызылорда облысында күндіз жел тұрады, шаңды дауыл көтеріледі.
Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей аудандарында жоғары өрт қаупі сақталады.