Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Елбасыға полицейлердің жаңа формасы көрсетілді

269

Бұл туралы Хабар 24 телеарнасы хабарлады.

ҚР ІІМ басшысы Президентке полиция киімінің соңғы нұсқасын көрсетті. Қазақстан құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жаңа формасында POLITSIIA деген латынша жазу пайда болыпты.

Одан бөлек көшеде қызмет атқаратын полицейлер енді жыл мезгіліне байланысты түрлі баскиімдер киеді: кепке, тоқылған баскиімдер мен құлақшын. Қазақстандық полицейлердің шевроны да өзгерген. Олар енді ақ және қара түсті болады. Ондағы жазбалар да латынша жазылады.

Еске сала кетейік, кеше Ақордада ішкі істер органдарының қызметін модернизациялау жөнінде кеңес өткен болатын. Президент жиын барысында полицейлердің жалақысын көтеруді тапсырған еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз