Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Елбасы Жапонияның сыртқы істер министрімен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Жапония серіктестігінің жоғары деңгейге жеткенін және сапар аясында өтіп жатқан келіссөздер алдағы уақытта оның аясын кеңейтуге бағытталатынын атап өтті.

«Біздің елдеріміз ядролық қарудың зардабын тікелей өз басынан өткерді. Жапония мен Қазақстан антиядролық қозғалыстың көшбасшылары болып саналады. Бұл жұмысты біз бірлесіп жалғастырамыз деп сенемін. Менің Хиросимаға алдағы сапарымның мақсаты – жапон халқымен ниеттестігімізді білдіру, біз ХХІ ғасырда ядролық қарусыз әлем қалыптастыру жолында бірлесе жұмыс жүргізудеміз», – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті екі елдің халықаралық аренадағы өзара іс-қимылының белсенді түрде жүргізіліп отырғанына назар аударды.

«Жапония дипломатиясының барлық бағытта, соның ішінде Орталық Азиядағы белсенділігін атап өткім келеді. Жапония мен Қазақстанның бүкіл халықаралық істерге қатысты ұстанымдары ұқсас», – деді Елбасы.

Фумио Кисида Нұрсұлтан Назарбаевтың Жапония Премьер-министрімен өткізген келіссөзінің жемісті болғанын айтты.

«Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бергі Сіздің көшбасшылығыңызға шынайы құрметпен қараймыз. Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануы – Сіздің табысты жетекшілік етуіңіздің көрсеткіші», – деді Жапония сыртқы істер министрі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз