Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
17
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

Елбасы “Үлкен Еуразия” бірыңғай экономикалық кеңістігі туралы ойын айтты

111

Елбасы РФ Президенті Путиннің сөзіне қолдау білдіре келе, осы үдерісте («Бір белдеу, бір жол») Еуразиялық экономикалық одақтың атқаратын маңызды рөлін атап өтті. Мемлекет басшысы жалпы экономикалық дағдарыс кезінде тиісті қиындықтар болғанын, алайда ағымдағы жылы осы бірлестік аясында сауда көлемі 30 пайыздан астам деңгейде өсім көрсеткінін жеткізді.

«Бұл – ауқымды нарық, яғни 180 миллион халықты қамтып отыр. Осыған байланысты «Үлкен Еуразия» бірыңғай экономикалық кеңістікті құру идеясы жаңа сипатқа бөленіп отыр. Жібек жолының экономикалық белдеуі ШЫҰ, ЕАЭО және ЕО тұғырнамасын тиімді байланыстыра алады», – деп тоқталды Нұрсұлтан Назарбаев.

Еске сала кетелік, Елбасы ҚХР-ға екі күндік жұмыс сапарымен барды. Онда ҚР Президенті Бейжіңде «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасы аясында халықаралық ынтымақтастықты нығайту мақсатында жоғары деңгейдегі форумға қатысуда. Оған 29 мемлекеттің президенттері мен үкімет басшылары, сондай-ақ БҰҰ, Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қорының өкілдері қатысуда.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз