Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
2
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Елбасы Өзбекстан Мәжілісінің спикері Нурдинжон Исмоиловты қабылдады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы екі жақты қарым-қатынастардың оң қарқынмен дамып келе жатқанын ерекше атап өтті.

– Бүгінде өзара қарым-қатынастарымыз жоғары деңгейде. Біз Шавкат Мирзиёевпен жылына бірнеше рет кездесіп, экономикалық және саяси ынтымақтастық саласындағы өзекті мәселелердің бәрін талқылап келеміз.

Қабылданған құжаттар мен қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру ісінде екі мемлекеттің парламенттері маңызды рөл атқарады, – деді Қазақстан Президенті.

Нурдинжон Исмоилов Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің сәлемін жеткізіп, екі ел парламенттері арасында өткен келіссөздердің нәтижелері жөнінде айтты.

– Шын мәнінде, соңғы уақытта Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық жоғары деңгейге жетті. Бұған, ең алдымен, Өзбекстан мен Қазақстан байланысының жаңа кезеңіне жол ашқан екі мемлекеттің президенттері арасындағы достық қарым-қатынастардың арқасында қол жеткізілді.

Сіздер халықтарымыздың ынтымақ пен келісім аясында бірлесе өмір сүрсек деген ой-ниетін жүзеге асырдыңыздар. Сол үшін Сіздерге зор алғыс айтамыз, – деді Өзбекстанның Олий Мәжілісі заң шығару палатасының спикері.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз