Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
9
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Елбасы Назарбаев университеті түлектерінің оқу бітіру салтанатында Ақтөбедегі оқиғаны даттады

Біз өзіміздің реформаларымызды жалғастыра береміз, ел дамуының барлық стратегияларын орындаймыз. Бейбітшілік пен тыныштық, қауіпсіздік – Қазақстан тәуелсіздігінің құндылықтары. Егер бұл болмаса, ұлттың болашағы да болмайды. Сіздер мұны есте сақтауларыңыз қажет, – деді Елбасы.

Мемлекет басшысы жыл сайын әлемде әскери жанжалдардың, әлеуметтік негізден туындайтын этносаралық, конфессияаралық қақтығыстардың 30-дан астам ошағы тіркелетіндігін атап өтті. Дәл осындай елдерде мемлекеттің күйреуіне, адамдардың босқынға айналуына түрткі болатын лаңкестік, экстремизм үшін жағдай пайда болатынын айтты.

«Біз болашаққа зор жоспарлар түзіп отырмыз. Ол үшін тұрақты ел мен мемлекет қажет. Бұл барлық қазақстандықтарға, әсіресе сіздерге, жастарға да байланысты», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз