ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мысыр Президенті Әбдел Фаттаху Ас-Сисиге Танта мен Александрия қалаларында болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Жеделхатта Мемлекет басшысының Танта мен Александрия қалаларында болған террорлық актіден қаза тапқандар мен зардап шеккендер жайлы хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны айтылады.