Өзбекстанда президент міндетін атқарушы Шавкат Мирзиёев президенттік сайлауда 88 пайыздан астам дауыс жинап, қарсыластарын үлкен алшақтықпен жеңді.
Осыған байланысты Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиёевті Өзбекстан Республикасының президенті болып сайлануымен құттықтады, деп хабарланады Ақорданың баспасөз қызметі.
“Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиёевті Өзбекстан Республикасының президенті болып сайлануымен құттықтады”, — делінген Ақорданың Твиттердегі парақшасындағы жазбада.