Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-1
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Елбасы Иран елі өкілімен ислам әлеміндегі жағдайды талқылады

Мемлекет басшысы кездесуде Сыртқы істер министрінің орынбасарына Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының кеңесіне және “ЭКСПО-2017” халықаралық көрмесінің ашылуына қатысуға келгені үшін алғыс айтты. Нұрсұлтан Назарбаев Иранда өткен сайлауда қазіргі Президент Хосейн Руханидің жеңіске жеткені туралы хабарды ризашылықпен қабылдағанын атап өтті.

Иран Ислам Республикасының сыртқы істер министрінің орынбасары Қазақстан Президентіне қонақжайлық көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.

“Елдеріміз арасындағы қарым-қатынастар жоғары деңгейде. Сіздің және Иран Президентінің өзара сапарларыңыздың арқасында олар қарқынды дамуда”, – деді Рахимпур. Сондай-ақ, Рахимпур Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануымен құттықтады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз