Нұр-Сұлтан
Қазір
-24
Ертең
-30
USD
416
+0.63
EUR
506
+1.34
RUB
5.65
+0.06

Елбасы еліміздің жас сарбаздарымен кездесті (фото)

254

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Кездесудің ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында ұйымдастырылуы жайдан-жай емес. Осыдан үш жыл бұрын дәл осы күні Мемлекет басшысы – ҚР Қарулы күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қарулы күштердің мәдени ошағы – Ұлттық әскери-патриоттық орталықты салтанатты түрде ашқан болатын.

Бүгінгі шара барысында «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің жұмысы Елбасы баяндалып, қозғалыстың өңірлердегі филиалдары өз жұмысын бастайтын болады.

Сонымен қатар, қозғалыс тәрбиеленушілерінің жаңа киім үлгісі таныстырылды.

фото: ҚазАқпарат

 

Мұнан бөлек, ҚР Президентіне еліміздің Қорғаныс министрлігінің тапсырысы бойынша М.Греков атындағы әскери суретшілер студиясы салған заманауи Қазақстан армиясы мен Қарулы Күштердің құрылуындағы Жоғарғы Бас қолбасшының рөлі туралы картина, арнайы эффектілер қолданылған «Орбұлақ шайқасы» диорамасы көрсетілді.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз