Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Елбасы Бауыржан Байбекті қабылдады

Нұрсұлтан Назарбаев қала тұрғындарының әл-ауқатын арттыру үшін тиісті шаралар қабылдау, жаңа жұмыс орындарын ашу, құрылыс жұмыстары мен әлеуметтік маңызды нысандарды ашу ісін кестеге сәйкес жүргізу қажеттігіне назар аударды.

Сонымен қатар, Елбасы Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу жөніндегі іс-шараларға сапалы дайындалып, меркені тиісті деңгейде өткізудің маңыздылығын атап өтті.

– Алматы – еліміздегі ең ірі қала. Республика бойынша атқарылатын барлық жұмыс оның дамуына әсер етеді әрі тұрғындарына көрініп тұрады. Биыл қаланың 1000 жылдығы мерекеленеді, келесі жылы – Қысқы Универсиада-2017 өткізіледі. Бұлар – ірі мемлекеттік іс-шаралар. Оларды іске асыру үшін орасан жұмыс атқару қажет. Сондай-ақ қаланың күзгі-қысқы кезеңіне дайындықты бүгіннен бастау керек. Өткен кездесуде мен бірқатар тапсырма берген болатынмын, олардың мүлтіксіз орындалуын бақылау қажет, – деді Мемлекет басшысы.

Бауыржан Байбек Нұрсұлтан Назарбаевтың бұған дейін берілген тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндады.

– Қазіргі кезде қайта қаржыландырылған ипотекалық қарыздар көлемі 45 пайызға өсті. Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру аясында 15 мың жаңа жұмыс орнын ашуға қаражат бөлінді. Бұдан бөлек, мемлекет-жекеменшік серіктестігін дамыту жөнінде бизнеспен тығыз жұмыс жүргізілуде. Бүгінде жалпы құны 40 млрд теңгені құрайтын меморандумдарға қол қойылды. Соның аясында бірнеше әлеуметтік нысандар ашу жоспарланып отыр, – деді Алматы қаласының әкімі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз