Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
2
USD
429
+2.03
EUR
500
+3.00
RUB
5.44
-0.06

Елбасы бүгін тікелей телекөпір кезінде 11 жаңа зауытты іске қосты

Елбасы телекөпір барысында индустрияландыру бағдарламасының алты жылдағы нәтижесіне тоқталып өтті.

– Өздеріңіз білесіздер, осыдан алты жыл бұрын индустриялдық-инновациялық даму бағдарламасының алғашқы кезеңін бастадық. Осы жылдар біз үшін өте табысты болды. Өңдеуші өнеркәсіп саласында 1000-нан аса кәсіпорын іске қосылды.

Қазақстандықтар үшін мүлдем беймәлім болған жаңа 500 өндіріс өз жұмысын бастады. Елімізде 200 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Ерекше айта кететін жайт, өңдеуші өнеркәсіп дамыды, – дейді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, Кеңес одағы кезінде Қазақстан шикізат жеткізушінің рөлін ғана атқарып келді. Машина мен құрылыс саласы және өңдеуші сала дамытылмады.

– Біздің қазіргі жұмысымызды үлкен төңкеріс деп бағалауға болады. Индустрияландыру деген осыдан басталады. Өңдеуші өнеркәсіпті индустрияландыру неге сонша қиын болды? Себебі, оның негізі жоқ еді. Өсу қарқыны бойынша өңдеуші өнеркәсіп тау-кен өнеркәсібі саласын басып озып отыр.

Біз үшін ең қиынға соққаны өңдеуші өнеркәсіп саласын индустрияландырып, жаңа өндірістер ашу болды. Ешетеңе де оңайлықпен келмейді. Бүгінгі қосылып жатқан зауыттар төккен тердің жемісі, – деп түйіндеді өз сөзін Нұрсұлтан Назарбаев.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз