Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
20
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Елбасы Астанадағы тіркеуге қатысты былықтарды дереу шешуді тапсырды

Тегін енді ештеңе жоқ.

Біз нарықтық жағдайда өмір сүріп жатырмыз”, — деді Мемлекет басшысы Астана қаласының дамуы және «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық жөніндегі кеңесте.

Президенттің айтуынша, пәтер кезегі, ең алдымен, тіркеу мәселесімен байланысты.

“Кейбір жерлерде ондаған, тіпті жүздеген азаматтар тіркеледі. Мысалы, Оңтүстік шығыс ауданындағы жер үйлердің бірінде 1700-ден астам адам тіркелген. Астанада осындай “резеңке” пәтерлер көп. Олардың бұл үйде тұрмайтыны анық қой, тек тіркелді, енді елордадан үй алуға негіз бар”, — деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысының мәліметі бойынша, өткен жылы ғана Астанада 200-ден астам осындай “резеңке” пәтер анықталған.

“Әлеуметтік әлжуаз санатына жататын адамдар жалдамалы пәтер алсын, біртіндеп төлеп, кейін сатып алады. Қалғандары, мәселен, кезекте тұрған қырық мың мемлекеттік қызметкер бағдарламамен алсын. Біз оларға жалақы төлеп отырмыз ғой. Тұрғын үй құрылыс жинағы, кредит, ипотека бар. Біз басқа дәуірге қадам бастық, бірақ бір аяқпен әлі артта тұрмыз.

Адамдарды масылдыққа үйретіп жатырмыз. Осылай, басқа жақтан келіп, мың адам бір бөлмеге тіркеліп, пәтер алады.

Бір ай бұрын алыстан елордаға келген адамға пәтер беріледі де, ал Астанада бұрыннан тұрып, жұмыс істеп жатқан тұрғындар пәтер ала алмай жүр”, — деп кейіді Президент.

Президент жауапты тұлғаларға тіркеуге қатысты мәселені дереу шешуді тапсырды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз