Елбасы Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевпен телефон арқылы сөйлесті.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Әңгіме барысында қос мемлекет басшылары екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын, сондай-ақ екі елдің Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.
Қазақстан мен Қырғызстан президенттері алдағы кездесулер кестесін, соның ішінде 2017 жылдың бірінші тоқсанында Түркі тілдес мемлекеттер кеңесінің кезекті саммитін өткізу жайын қарастырды.