Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
1
USD
426
+0.41
EUR
495
+0.06
RUB
6.14
+0.08

“Экзотика деп осыны айт”. ЭКСПО-ға келушілерді қатты қызықтырған павильон белгілі болды

Екі ай ішінде халықаралық павильондарға жалпы кіріп-шығу саны 17 миллионнан асқан, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

Көш басында Африка Плаза павильоны тұр, онда 22 ел ұсынылған. Бұл павильонға кіріп-шығу саны — 659 452.

Бір қызығы, энергетика жөніндегі мәлімет негізінен көрнекі құрал және бейнеақпарат ретінде көрсетілген әрбір елдің секциясы қаңырап бос тұр, есесіне ұлттық әшекейлер, киім-кешек, ыдық-аяқ сатылып жатқан базарда адам толып жүреді.

 

ІІ-орында – Египет, павильонда адамдар 608 733 рет болған. ІІІ-орынға 596 462 көрсеткішпен Түркия жайғасты.

Одан кейін Әзербайжан — 568 654, Таиланд – 566 711, Үндістан – 557 480, Ресей – 515 321, Өзбекстан – 469 575, Жапония – 461 772, Сауд Арабиясы – 419 285.

Екі айда көрмеде 66 ұлттық және 4 мамандандырылған күн өткізілді. 160-қа жуық тақырыптық іс-шара — конгрестер, конференциялар, форумдар, шеберлік кластары ұйымдастырылды.

ЭКСПО-2017 көрмесін 22 мемлекет және үкімет басшысы, сондай-ақ 78 шетелдік министр тамашалады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз