Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
6
USD
432
+2.31
EUR
506
+3.43
RUB
5.52
+0.10

ЭКСПО-2017 көрмесінің билетін сатумен неге ресейлік компания айналысады?

Ербол Шорманов

„Астана ЭКСПО-2017„ ұлттық компаниясы басшысының орынбасары Ербол Шормановтың айтуынша, осы уақытқа дейін билет сататын қазақстандық компанияны құрып, билет сату жұмысына дайындауға болатын еді.

– Алайда Халықаралық көрмелер бюросының тиісті талаптары бар. Осыны ұмытпауымыз қажет. Сол талаптарға сәйкес, билет сататын компанияның халықаралық жобаларды іске асыру тәжірибесі болуы шарт. Өкінішке қарай, бізде ондай компания жоқ болып шықты. Ал ақша ешқайда кетпейді. Себебі Қазақстанда аталған компанияның филиалы жұмыс істейді, – дейді ол.

Келесі жылы Астанада өтетін ЭКСПО халықаралық көрмесіне халықтың келіп-кету жиілігі (ондайда бір адамның бірнеше іс-шараға баратыны саналады – авт.) 5 миллионнан асады деген жоспар бар.

Соның 15 пайызы шетелдіктерге тиесілі болса, қалғанын қазақстандықтар игереді деп жоспарланған.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз